Бокспен кәсіби түрде айналысқан 24 жастағы спортшы қақтығыс кезінде қаза тапқан
Полицейлер Шахтинск қаласындағы вокзал аумағынан тыс жерде қаза тапқан боксшыны өлтірді деген күдікпен 20 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Ведомствода хабарлағандай, ұсталған күдікті – 20 жаста, Шахтинск қаласының тұрғыны.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шахтинск қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» ісі бойынша тергеу жүргізілуде»,- деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жақын күндері тергеуші сотқа оны тергеудің барлық кезеңінде тергеу изоляторына қамау туралы өтініш жасайтыны белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, бокспен кәсіби түрде айналысқан 24 жастағы боксшы Шахтинск қаласындағы вокзал аумағындағы қақтығыс кезінде қаза тапқан. Оқиға 20 тамызда түнгі уақытта болды. Жергілікті тұрғындар станцияның артындағы бос жерде айқай-шу естіп, полицияға хабарласқан. Ауыр халде ауруханаға түскен спортшыны дәрігерлер құтқара алмады.