ШұғылӨткен тәулікте елімізде 753 адамнан коронавирус анықталды

Мемлекеттен 42 500 теңге төлем алған кентаулық тұрғынның ақшасын танысы ұрлап алған

Күдікті ер адамның жеке деректерін пайдаланып, жәбірленушінің шотынан 42 500 теңгені туысының шотына аударған

Түркістан облысында полицейлер ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған 42 500 теңгені ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, мамыр айында ол әлеуметтік көмек алушы ретінде тіркелген, бірақ оған ақша түспеген. Бұған алаңдаған ер адам шотын тексертіп, өз шотынан ақшаны белгісіз біреу бейтаныс қыздың шотына аударғанын анықтады. 

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Кентау ПБ полицейлері Нұр-Сұлтанда күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты, ақшаны ұрлаған күдіктіні тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, күдікті ер адамның жеке деректерін пайдаланып, жәбірленушінің шотынан 42 500 теңгені туысының шотына аударған. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» ісі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. 

Күдікті кепілде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жиналған сотқа дейінгі тергеу материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және жеке деректермен бөтен адамдармен бөліспеу қажеттігін ескертеді. 

«Сондай-ақ, шотты немесе банк картасын пайдалануды сұрасаңыз да, шамадан тыс сенімділік танытпаңыз. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз»,- делінген хабарламада.