$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 13:57
Оқиғалар

Жамбыл облысының тұрғынынан 100 келіден астам есірткі тәркіленді

Оның 62 келісі кептірілген марихуана және 40,5 келісі қарасора сабағы болып шықты 

Жамбыл облысының тұрғынынан 100 килограмнан астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

21 тамызда «Қарасора-2020» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, Шу ауданының алдын алу аймағында шамамен, 62 килограмм кептірілген марихуана мен 40,5 килограмм қарасора сабағын сақтаған 30 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат қылмысын мойындап, Шу ауданының УҰИ-на қамалды. 

ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі және психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары