$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 14:18
Оқиғалар

Қазақстандықтарды 1 млрд теңгеге алдаған алаяқ Минскіден экстрадицияланды

Оған ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген айып тағылып отыр

Қазақстан полициясы Ресей азаматы Ольга Клейнардтың Қазақстанға экстрадициялануына қол жеткізді. Ол «Questra World» ірі қаржы пирамидаларының бірін ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Ольга Клейнард Қазақстан аумағында алаяқтардың әрекеттеріне жетекшілік еткен. Нәтижесінде, мыңдаған қазақстандықты алдап, 1 млрд теңгеден астам шығынға батырған.

«Ол Беларусь Республикасының аумағында ұсталды. Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдікті азаматша тергеу изоляторларында», - деп хабарлады Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, «Questra World» компаниялар тобы туралы қылмыстық іс бойынша бұған дейін ҚР ІІМ қызметкерлері сегіз адамды ұстаған болатын.

Алаяқтар ойдан шығарылған инвестициялық портфель түрлерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың көмегімен жұмыс істеген. Алаяқтар азаматтарға инвестициядан жылдық пайызы 300-ге дейін пайда табуға уәде берген.

«Questra World» қаржы пирамидасының тағы бірнеше елде жұмыс істегені анықталды.

Серіктес жаңалықтары