Бангладеште су тасқынынан миллиондаған адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Екі миллионға жуық тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж

Бангладеште муссон жаңбыры алапат су тасқынына себеп болды. Елдің үштен бірі су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Миллиондаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, табиғи апаттан кем дегенде, 160 адам қайтыс болды. Тұрғын үйлерді су басып, ауыл шаруашылығы жерлері жойылды. 

Синоптиктердің болжамынша, нөсер жаңбыр жақын арада тоқтайды. 

Екі миллионға жуық тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж.