23.08.2020, 22:51
Оқиғалар
Қостанай облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Екі адамды күйік шалды
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 22 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Құсмұрын ауылында болған.
«4 қабатты тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 1981 және 2002 жылы туған жұмысшыларды термикалық күйік шалды. Мамандар олардың үй ішінде монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқанын анықтады. Оқиғаның алдын ала себебі — газ баллонының редукторынан газдың шығуы», - делінген ақпаратта.
Қостанай облысының ТЖД мамандары тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті