Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады
Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады
ҚР ІІМ басшысы Дәурен Рымқұловты ерлігі мен батылдығы үшін марапаттады, –еп хабарлайды Polisia.kz.
Алты адамды, оның ішінде төрт баланы өрттен құтқарған Дәурен Рымқұлов лайықты марапатқа ие болды. ҚР Ішкі істер Министрі Полиция Ерлан Тұрғымбаевың бұйрығымен, адамдарды өрттен құтқарудағы ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Батырға медальді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров табыс етті.
Оқи отырыңыз: «Өзімді батыр санамаймын». Алты адамды өрттен құтқарған ауыр атлетпен сұхбат
«Айналаны, адамдарды қорғауды өзінің парызы санайтын нағыз қазақстандық азаматқа тән батылдық пен ерлік көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз, көптеген жылдар бойы кәсіби спортпен шұғылдану Сізге бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді», – деп атап өтті Серік Әубәкіров.
Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз Алмалы ауданы Радостовца көшесі 49 үйден өрт шыққан еді. Рымқұлов Дәурен өрт сөндіру есептері келгенге дейін пәтерде қалған адамдарды құтқаруға ішке ұмтылып, өрт сөндірушілерге қызыл жалынмен күресуге белсенді түрде ат салысады. Шұғыл жағдайларда адамдарды құтқарып, белсенді азаматтық ұстаным танытқаны және жас ұрпаққа үлгі көрсеткені үшін Алматы қаласы ТЖ департаментінің басшылығы оны марапаттауға ұсыныс жасаған болатын.