Ресейде көпқабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Төрт адам жарақат алып, 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Ярославль қаласында он қабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір адам көз жұмды. Төрт адам зардап шегіп, 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Тұрғын үйде 190 пәтер бар. Жарылыс салдарынан үшінші қабаттан бесінші қабатқа дейін опырылып түскен. Оқиға орнында 103 құтқарушы, 29 техника іздестіріліп жатыр», - деп жазылған ақпаратта.