Қызылорда облысында киік атқан ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ұсталғанға дейін 2 ақбөкенді атып өлтірген

18 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімі мен Қызылорда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері рейд барысында Құланды елдімекен аумағында заңсыз киік аулаған азаматты ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тексеру барысында Арал ауданы Құланды елдімекенінің тұрғынынан екі бас ақбөкен тәркіленді. Қазіргі таңда, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-1-бабы 1-бөлігі (киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.