$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 05:24
Оқиғалар

Қызылорда облысында полицейлер есірткі диллерлерін ұстады

Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алды

Қызылорда облысында полицейлер есірткі диллерлерін ұстады
Фото: polisia.kz

Полицейлер жасырынбақ болған есірткі диллерлерін қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы және ІІМ-нің арнайы бөліністері Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде, Қызылорда қаласынан 320 км қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясы алқабын, суару үшін бассейн мен агроқұралдарды сақтау мен сол жерде тұруға арналған жер асты үңгірлерін анықтады. Алқапқа жақын ұшып бару кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған екі жол талғамайтын көлікті байқады. Олар жасырынбақ болған», - деп жазылған ақпаратта.

Автокөліктің соңына түскен полиция қызметкерлері оларды тоқтату үшін ескерту оғын атты және бірнеше рет көліктің дөңгелектеріне оқ атылды. Дөңгелектеріне зақым келген соң ғана екі көлік қозғалысын тоқтатты.

«Полиция қызметкерлері үш жергілікті тұрғынды ұстады. Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді және медициналық мекемеге жеткізілді. Оның өміріне қазіргі уақытта еш қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған жерде Қызылорда облысының Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, 1 маусымнан бастап 30 қазанға дейін жыл сайынғы республикалық  «Қарасора» арнайы операциясы өткізіліп жатыр. Операция басталғалы барлығы 430 есірткі қылмысы анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#есірткі #полиция