$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2020, 09:55
Оқиғалар

Заңсыз жолмен алкоголь өнімін сатқан шымкенттікке қатысты сот үкімі шықты

Айғақ заттар тәркіленіп, мемлекет кірісі ретінде тіркелді

Заңсыз жолмен алкоголь өнімін сатқан шымкенттікке қатысты сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысу және жалған алкоголь өнімін сату дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған алкоголь өнімін жасау бойынша жасырын цех қызметін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Цехты тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы анықталды.

Еңбекші ауданы сотының үкімімен, Шымкент қаласының тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) және 233-бабының 2-бөлімііне сәйкес (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану), кінәлі деп танылып, заттар тәркіленіп, айыппұл салынды.

Айғақ заттар мемлекет кірісіне айналдырылды.

Серіктес жаңалықтары