18.08.2020, 12:33
Оқиғалар
Түркістан облысында такси жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Түркістан облысында такси жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісай аудандық полиция бөліміне ауруханаға дене жарақаттарын алған ер адамның түскені туралы хабарланған. Тәртіп сақшылары бірден күдіктіні іздеуге кіріседі. Анықталғандай, зардап шеккен азамат Audi маркалы көлігімен ауыл арасында қатынайтын такси жүргізушісі екен.
Таксиге отырған бір клиент келіскен жеріне жеткеннен кейін, кенеттен жолаушыны соққыға жығып, қашып кетеді.
Күдікті екі күн ішінде ұсталды. Өзінің кінәсін мойындаған ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы (Бұзықылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды