$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2020, 10:51
Оқиғалар

Қыш құмырада қарасора өсірген шымкенттік ұсталды

Жертөлесінде тыйым салынған өсімдік өсірген тұрғын – мүгедектігі бар азамат

Тыйым салынған өсімдіктерді қыш құмыраларда өсірген 43 жастағы мүгедектігі бар шымкенттік тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

3 тамызда Шымкент қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйінің жертөлесінде «гидропоника» әдісімен құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қыш құмыраларда заңсыз өсіріп жатқан 43 жастағы мүгедектігі бар жергілікті тұрғынды анықтады. Куәгерлердің қатысуымен аталған азаматтың үйінен айғақ ретінде 19 дана есірткі затына ұқсас өсімдіктер тәркіленіп алынды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер құрамында есірткі заттары бар «қарасора» тұқымына жататын есірткі өсімдігі екені  анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі бойынша (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көрсетілген азаматқа қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Серіктес жаңалықтары