Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар адамдар көлік айдап жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір аталмыш фактіге қатысты арнайы комиссия құрылды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар адамдар көлік айдап жүр. Тексеру жүргізген прокурорлар жүйке жүйесі ауыратындар тізімінде тұрған 320 науқастың жүргізуші куәлігін алғанын анықтады, деп хабарлады КТК телеарнасы. 

Психиатрлар жүйке аурулары арасындағы ең ауыры «параноидты шизофрения» дерті екенін айтады. Мұндай диагноз қойылған адамдар мүгедектік алып, өмір бойына тіркеуде тұрады. Ал осындай диагнозбен бес ақтөбеліктің көлік жүргізуге құжат алғаны белгілі болды. Ісі сотқа жетіп, жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды. Прокурорлар мұндай куәліктерді кімнің оңды-солды таратып жүргенін нақты айта алмайды. Қазір аталмыш фактіге қатысты арнайы комиссия құрылды.  

«Психикалық есепте тұрған адамдардың тізімін алдық та, салыстырдық. Жүргізуші куәлігін алғандармен салыстырғанда, уақытымен  және т.б.  салыстырғанда, куәлік алған 320 адамның психикалық есепте тұрғаны анықталды», - деді Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Есет Әзімов.