$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2020, 04:27
Оқиғалар

Қазақфильмдегі өрттен 48 млн теңге шығын келген

Киностудиядағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қазақфильмдегі өрттен 48 млн теңге шығын келген
Фото: баспасөз қызметінен

«Қазақфильм» киностудиясында өрттен келген шығын көлемі есептелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі киностудияның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Киностудия полицияның өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Қазақфильм Алматы қалалық ІІД-нде «Қазақфильм» киностудиясындағы өрт шығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Бұл төтенше жағдай Алматы қаласы әкімінің, ҚР Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауында. Сондай-ақ, киностудия әкімшілігі ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай ең алдымен өрт орман қоймасының ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін «Қазақ хандығы» тарихи фильмі үшін жасалған «Шайбан шахтың ішкі ауласынан» өрт шыққан. Бұл ағаш құрылым алғашқы ошақтан 300 метр қашықтықта орналасқан. От шыққан қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен оған электр тоғының тартылмауы өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығарады», – деп жазылған киностудияның Instagram-дағы парақшасында. Қазіргі уақытта өрттің алдын ала шығыны 48 981 130 теңгені құрайды. Есептеулер жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, 14 тамызда Қазақфильм студиясынан өрт шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#өрт #қазақфильм