$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2020, 22:39
Оқиғалар

Шымкентте үйінде 1 келіден артық есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент тұрғынының пәтерінен есірткі табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«7 тамызда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Қарасора – 2020» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жұмыстар барысында Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде полиэтиленді пакетке оралған есірткіге ұқсас заттарды сақтаған 1995 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады», - деп жазылған ақпаратта.

Сарапшы қорытындысына сәйкес үй ішінен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 39 гр құрайтын марихуана есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары