16.08.2020, 21:57
Оқиғалар
Алматы облысында ер адамды өз үйінде пышақтап кеткен
Ол ауруханада көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысының полициясы Ащысай ауылындағы адам өлімі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Кісі өлімі 15 тамыз сенбіге қараған түні болды. Ер адамды өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Жарақат алған азамат Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Азамат алған жарақатынан қайтыс болды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды