Алматыда прокурор мен полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 200 мың теңге пара алған болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда полиция қызметкері мен прокурор пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«15 тамыз күні Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық прокуратураның ішкі қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесіп Полиция департаментінің инспекторы мен прокурорды қамауға алды. Олар әкімшілік жауапқа тартпау үшін тұрғыннан 200 мың теңге пара алған деген күдіккі ілінді», - деп жазылған хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Тегтер: