15.08.2020, 21:59
Оқиғалар
Алматыда кардиологиялық орталық жанындағы өрттен бір адам көз жұмды
Оның денесі жарылған баллоның жанынан табылды
Фото: баспасөз қызметінен
Алматыда қалалық кардиологиялық орталық жанындағы ғимаратта болған өрт салдарынан жарылыс шығып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мекеме өкілдері өрт сөндірушілерге оттегі тарату пунктінің бір қызметкері (техник) эвакуацияланған адамдардың арасында жоқ екенін айтты. Жарылыс кезінде техник жұмыс орнында болған. 1988 жылы туған адамның денесі жарылған баллоның жанынан табылды», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда кардиологиялық орталық жанындағы ғимараттан өрт шыққанын және онда адамның бар-жоғы белгісіз екенін хабарлаған едік.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды