Карантинге байланысты су айдындарында шомылуға тыйым салынады
Нұр-Сұлтанда суға шомылу маусымы басталғаннан бері рейдтер қорытындысы бойынша 114 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Шомылу кезеңінің басынан бастап жеке құрамнан 1992 адамды қамтитын 596 рейд ұйымдастырылды, 114 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 503 қоғамдық қызметкер тартылды, 12 200 жадынама мен брошюралар таратылды, 155 тыйым салу белгілері, 20 ақпараттық стенд орнатылды», – деп хабарлады елордалық ТЖД.
Елордадағы барлық су нысандарын күн сайын ТЖД-нің 80 қызметкері патрульдейді, олар 14 қайықпен жабдықталған. Патрульдік машиналар автокөліктердің кіруіне тыйым салуды қамтамасыз ететін қала маңындағы су қоймаларына да қойылады.
Суға шомылу орындарында тәртіпті қоғамдық құтқарушылар мен аудандық басқарма қызметкерлері қадағалайды. Қоғамдық құтқарушылар өз жұмыстарын күшейтті. Белсенділер рейдтер өткізеді. Соңғы үш жылда олардың қатысуымен 24 адам құтқарылды.