Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады

Автор: Темірхан Айжан

Ол ауруханаға түсті 

Фото: @galymjanovna_011

Қызылордада 42 жастағы ер адам көшенің ортасында жас жігітті пышақтап тастады. Жарақат алған жігіт ауруханаға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мас ер адам Шұғыла шағын ауданындағы сыраханадан шыққан. Сосын көшеде кетіп бара жатқан қыздарға тиіскен. Оның ерсі қылығын көрген Нұралла есімді жігіт қыздарды қорғауға тырысқан, сол сәтте ол жігітке пышақ сұққан.

«Пікір қалдырушылар қыздарды қорғап, ауыр жарақат алған Нұралла есімді жігітті «Қаһарман» деп мақтап жатыр. Ол тек екі қызды емес, тұтас Шұғыла шағын ауданындағы адамдарды жаманшылықтан қорғады дей аламыз», - деп жазды автор.

Полиция болған оқиғаны растады. Қазір қылмыстық іс қозғалған.

Оқи отырыңыздар: Ақтауда ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасады

«Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Полиция департаменті қылмыстық істің тергелу барысын бақылауға алды», - деп жауап берді ПД.

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.