Бүгін, 22:25
Оқиғалар
ШҚО-да бала мұз астына түсіп кетті (ВИДЕО)
Зардап шеккен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр
Фото: istockphoto.com
Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы Курчатов көшесі маңында 2017 жылы туған баланы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарып қалды. Ол батпақты аумақта мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар баланы судан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Алдын ала диагноз бойынша, бала қатты тоңып қалған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.
ТЖМ жұртшылықты жұқа мұздың адам өміріне қауіп төндіретінін ескертеді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
