Атыраудағы BINOM мектебінде балалар бір-бірін таптап, оқушылар жарақат алды

Автор: Темірхан Айжан

Мектепте оқу-жаттығу эвакуациясы өткен 

Фото: видеодан скриншот

Атыраудағы JAIYQ BINOM мектебі эвакуация кезінде жарақат алған балалар туралы ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Кеше мектепте жоспарлы оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілген. Сол кезде сырт киімін алып, сыртқа шығуға тырысқан балалар бір-бірін таптап, жарақаттанған.

«Оқу-жаттығу барысында бірнеше бала көпшіліктің ортасында қысылып қалған. Кейбір оқушылардың жарақат алғаны анықталды. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ата-аналарына хабарланды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты», - деді мектеп әкімшілігі.

Аталған жағдай мектеп әкімшілігінің тікелей бақылауында.

«Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқушылар мен педагогтерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жағдай енді қайталанбауы үшін эвакуация жоспары қаралып, оқу-жаттығуларды ұйымдастыру тәртібі күшейтіледі», - деді мектеп өкілі.

Еске салсақ, осындай жағдай Астана мектебінде де болған еді. Гардероб бөлмесінен сырт киімдерін алуға лап берген оқушылар бір-бірін итеріп, қысылып қалған. Оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.