Өрт 21 минут ішінде сөндірілген
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 11 тамыз күні Түрксіб ауданында болды. Өрт сөндіру қызметіне Волочаев көшесіндегі 399-шы үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түнгі сағат 23:29-да түскен.
«Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жеткен кезде екі бөлмелі жер үй өртеніп жатты. Куәгер үйде тұрақты мекені жоқ адамдардың болуы мүмкін екенін айтты. Өртті сөндіру және тексеру кезінде екі ер адамның мәйіті табылды. Қазір олардың аты-жөні анықталуда», - делінген хабарламада.
Өрт 21 минут ішінде сөндірілген, оған 21 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды.
Департаменттің хабарлауынша, өртенген үй коммуникациядан толықтай ажыратылған, иесі қазір Алматы облысында тұрады. Құтқарушылар бригадасы келген кезде үйдің есігінде құлып тұрған. Ал, өртенген екі азамат паналау үшін үйге терезе арқылы кіріп жүрген болуы мүмкін.