$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 12:43
Оқиғалар

Түркістан облысында 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жіберілді

Қылмыстық топ алты адамнан тұрады

Түркістан облысында 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жіберілді
Фото: polisia.kz

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Түркістан облысының полицейлері 70 миллионнан астам теңге тұратын 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады.

Арада 2 айдан астам уақыт өткенде, облыстық полиция өкілдері Кентау және Түркістан қалаларында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің сотқа жіберілгенін айтты.

Аталмыш қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің дәлелденуін, бөтеннің мүлкін жымқырғаны жайлы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов атап өтті.

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында үш жыл бойы мал ұрлаумен айналысқан алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтадық. Тергеу қылмыстық топтың 19 мал ұрлығына қатысы барын толық дәлелдеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден 19 жылқы мен тоғыз сиыр тәркіленіп алынды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 70 миллионнан астам теңгені құрады. Төрт күдікті қамауда болса, қалған екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеушілер бұл қылмыстық топтың ұйымдасқан екенін дәлелдеді. Қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындаған. Кейбіреуі мал жайылымнан мал ұрлап алып шықса, басқалары оларды қора-жайларға жайғастырып отырған, ал үшіншілері ұрланған малдарды сатқан немесе сойып етін өткізіп жүрген. Аталған жайттар СДТТБТ-ға 188-1 бап (Мал ұрлығы) 4-бөлігі бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іс сотта қаралуда», - деді Құрманбек Сахов.

​Түркістан облысында мал ұрлығының жалпы саны 30,1% (365-тен 255-ке дейін) төмендеген. Полицейлер жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде 77 мал ұрлығына қатысы бар 35 адамнан құрылған 13 қылмыстық топты ұстаған.

Серіктес жаңалықтары