Құзырлы орган қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамын таппаған
Өскеменде жасөспірім қызының ернінен сүйіп, туған күнімен құттықтаған әкенің әрекеті қоғамда резонанс тудырған еді. Оқиғаға полиция араласқан. Бүгін Құрылтайдағы үкімет сағатында ІІІ өкілі Асхат Дүйсембеков істің мән-жайына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Дерек тіркелді. Жан-жақты әрі мұқият тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, аталған деректі номенклатуралық іске есептен шығару туралы шешім қабылданды», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Маратұлы Дүйсембеков.
Еске салайық, бұған дейін желіде жарияланған кадрларда ер адамның қолына мерекелік торт ұстап, қызын үйде қарсы алған. Туған күнімен құттықтаған ол қызын ернінен сүйген. Бұл видео Threads әлеуметтік желісінде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Кейін жазба авторы Өскемен полициясының қызметкерлері өзімен байланысып, видеоны өшіруді сұрағанын айтты.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бұл деректің тіркелгенін растаған. Сондай-ақ тексеруге білім басқармасы мен жергілікті атқарушы органның қызметкерлері тартылған болатын.