Бұл Қазақстанның барлық аумағына қатысты
Қоршаған ортаның жай-күйі мен атмосфералық ауаның сапасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап . Бақылау жүргізу Қазақстан бойынша 507 бақылау пункттерінде, 20 зертханада жүргізіледі.
Осылайша, «Қазгидромет»РМК атмосфералық ауаның, судың, топырақтың, түптік шөгінділердің және аймақтың барлық аумақтарындағы радиациялық фонның жай-күйіне экологиялық мониторингін жүзеге асырады.
Атмосфералық ауа мониторингі станциялары бар, олар бойынша барлық ақпарат «AirKZ» мобильді қосымшасында беріледі және қолжетімді. Ластанудың жекелеген түрлері бойынша ақпарат 24/7 - maps.hydromet.kz экологиялық ақпараттың интерактивті карталарында қолжетімді.