Бұл туралы ұшақ жолаушысы Threads желісінде арнайы жазба жариялап, жағдай туралы айтты
Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ұшақ жолаушысы Threads желісінде арнайы жазба жариялап, жағдай туралы айтты.
«Бүгін SCAT әуе компаниясының Мәскеу-Алматы рейсі Астанаға апатты жағдайда қонды. Бұл штаттан тыс жағдай екенін және бәріміздің зәреміз ұшқанын түсінемін. Бірақ әуе компания жолаушыларға неліктен ең болмағанда су ұсынған жоқ? Біз шу шығармасақ, қорқып, сасқалақтап қалған жолаушыларды аяқтарынан тік тұрғызып қойдыңыздар. Су да, тамақ та, тіпті ешқандай ақпарат та берілген жоқ», – деп жазды желі қолданушысы.
Агенттік тілшісі осы жағдайға байланысты SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметіне арнайы сұрау жасады. Компания жағдайды нақтылап, қосымша хабарлама жариялайтынын мәлім етті.
Айта кетейік, осыған дейін Хайнаньға барған қазақстандықтар елге қайта алмай отырғаны, Air Astana рейсі 27 сағатқа кешіккені хабарланған.