Алматыдағы оқушылар жаппай уланған мектептің директоры жұмыстан кетті

Бұған дейін 48 бала ауруханаға түсіп қалған еді 

Алматыдағы оқушылар жаппай уланған мектептің директоры жұмыстан кетті
Фото: istockphoto.com

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіне (РФММШ) балалар жаппай уланып, ауруханаға түскен соң, мектеп директоры жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Күнгожин тағайындалды. Ол бұған дейін РФММ-да білім алған.

«Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады», - деп жазылған хабарламада.

Алмаз Күнгожин 2018 - 2023 жылдары мектепті басқарған. Әр жылдары РФММ-дамұғалім, математика пәнінен олимпиадаға дайындау бойынша жаттықтырушы, Директордың бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап «РФММ» КеАҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектептің 48 оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түскен еді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл тексеру бастаған. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.