Астанада Есіл өзенінен соңғы бірнеше күнде екінші адамның мәйіті табылды
Марқұмның 56 жаста екені, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені хабарланды
Астанада Есіл өзенінен соңғы 10 күнде осымен екінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға жайлы алдымен әлеуметтік желіде жарияланған. Оқиғаға байланысты агенттік тілшісі қалалық Полиция департаментіне сұрау жолдады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Полиция марқұмның жеке басын анықтады. Ол 56 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Айта кетейік, осыған дейін Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған.