Қазақстанда жолда қалған бір топ шетел азаматы мешіттен жай тапты (ВИДЕО)

Олардың бәрі – Тәжікстан азаматы

Қазақстанда жолда қалған бір топ шетел азаматы мешіттен жай тапты (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Самара – Шымкент жолында қалған 15 шетел азаматы Ырғыз ауылындағы мешітке орналасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар Тәжікстаннан Ресейге Van Hool автобусымен кетіп бара жатқан. Жолда қалғандардың алтауы – әйел, төртеуі – бала, бесеуі – ер адам. Барлығы – Тәжікстан азаматы.

«Патрульдік полиция Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар қызметі мамандарымен бірлесіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге орналастырды. Олар Ырғыз ауылының қиылысында орналасқан мешітке тұрақтады», – делінген ІІМ хабарламасында.

Олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ, дәрігерлердің көмегінен бас тартты.