Футболшының өзі желідегі парақшасында қазіргі жағдайы туралы жазды
Қостанайда «Тобыл» футбол командасының қорғаушысы Папа-Алиун Ндиайеге көршісі пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Футболшы үйінен шығып бара жатқанда көршісімен дауласып қалған. Жанжал кезінде көршісі пышақ алып шығып, тұра ұмтылмақ болған. Абырой болғанда ешкім жараланған жоқ.
«Жағдайым жақсы. Олардың қолында суық қару болса да жарақат алған жоқпын. Жағдайды бақылауға алған Қостанай полициясына алғысымды білдіремін», – деп жазды Папа-Алиун Ндиайе Instagram Stories-те.
Көршілер арасында жанжал болғанын Қостанай облысының Полиция департаменті растады.
«Жанжал барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Жанжал шығарушыға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.