Маңғыстауда жүк көлігімен соқтығысқан Lexus аударылып қалды: екі адам зардап шекті
Жол апатынан екі жолаушы зардап шегіп, олардың бірі ауруханаға жатқызылды
Ақтау – Жетібай автожолында жол апаты болды. Lexus жол талғамайтын көлігі мен HOWO жүк көлігі соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Лада» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға кеше, 1 қарашада Ақтау – Жетібай автожолының 30-шақырымында болған.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Lexus GX460 көлігінің жүргізушісі Жетібай бағытында келе жатқан HOWO жүк көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан кейін жол талғамайтын көлік жол қоршауына соғылған.
Жол апатынан кейін Lexus көлігіндегі екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың бірі травматология бөліміне жатқызылды. Екіншісіне дәрігерлер тексеру жүргізгеннен кейін үйіне қайтуға рұқсат берілген.
Lexus жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соқтығысудан соң Lexus көлігінің бүйіріне аударылып қалған.