Батыс өңірінде той жасайтындар азаймай тұр
Қазір тойлар бұрынғыдай кешке емес күндіз өтетін болған

Батыста карантинге қарамастан тығылып той жасайтындар тұр. Мейрамхана қожайындары есік-терезелерін жауып, табыс табу үшін түрлі айлаға баратын болған, деп хабарлайды КТК.
Қазір тойлар бұрынғыдай кешке емес, күндіз өтеді. Ақтөбелік жас жұбайлар мейрамханадағы шараға ешкімнен сескенбестен еркін кіріп барады. Бұл жерде той өтіп жатқанын сол маңдағы тұрғындар байқап қалыпты.
Ал Оралдағы «Інжу» деген мейрамханада үйлену тойы басталмай жатып аяқталды. Бұл жердің әкімшісі қонақтарды жасырын есіктен кіргізіп, көзге түспеудің амалын жасаған екен. Алпыс адамға жайылған дастарханнан меймандар дәм татпастан үйіне қайтты. Оларды тексеруге келгендер таратып жіберген. Ал ұлының тойын өткізбек болған ата-ананы мейрамхана иелері «рұқсатымыз бар» деп сендірген көрінеді. Енді олар карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл төлейді.