Әйел адамдардың дәретханасына кіріп алған: Атырауда жас жігіттің ісі сотқа кетті

Автор: Асыл Арман

Атырауда сауда үйінде қоғамдық тәртіпті бұзған 21 жастағы ер адам ұсталды

Фото: Видеодан скрин

Атырауда әйел адамдардың дәретханасына кіріп алған 21 жастағы жігітті полиция қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, 24 қазан күні Атырау қаласындағы сауда үйлерінің бірінде 21 жастағы Мейрамбек Жанболатұлы қоғамдық тәртіпті бұзып, өзгелердің тыныштығын алған.

«Мейрамбек Жанболатұлына қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотта қаралғанға дейін ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы бөлмеге қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды», – делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Атыраудағы сауда орталығында әйелдер дәретханасына кірген жігіт ұсталғаны хабарланған.