Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО)

Оқиға видеоға түсіп қалған

Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/112_aktau

Ақтауда Hyundai Tucson автокөлігі толық жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

Оқиғаны Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

26 қазанда Instagram желісіндегі 112_aktau парақшасында Ақтаудағы көлік өрті түсірілген видео жарияланды.

Оқиғаның мән-жайын Lada.kz басылымына Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері баяндаған.

Ведомствоның мәліметінше, көліктің өртенгені туралы хабарлама 26 қазанда сағат 13:29-да түскен. Hyundai Tucson автокөлігі 32А шағынауданында, салынып жатқан Aqbosaga тұрғын үй кешенінің маңындағы жолда болған.

Өрт сағат 13:40-та сөндірілді. Оқиға орнына сегіз қызметкер мен екі арнайы техника жұмылдырылған.

ТЖД мәліметінше, көлікке көлемі 45 литр болатын газ баллонды жүйе орнатылған.