«Топалаңын шығарып, қағып кетті»: әнші Ердос Қанаев желіде итін жоқтап, оны жерлеп жатқанын көрсеткен (ВИДЕО)
Оның айтуынша, итін қаққан адам тіпті артына бұрылып қарамаған
Әнші, «Жігіттер» квартетінде ән салатын Ердос Қанаев әлеуметтік желіге жеке видео жүктеп, итін жоқтады. Оның айтуынша, үйінің алдында тұрған итін әлдекім қатты жылдамдықта басып, өлтіріп кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Итінің өліміне қатты налыған ол адамдарда мейірім де, жанашырлық та жоқ деп, жылап жіберген.
«Есік алдында жұмыс істеп жатқамын, тура қасымда тұрған итімді бір көлік қатты жылдамдықпен кледі де, басып кетті. Жолдың бойында жылдамдықты азайтатын кедергі тұрған, оған да қараған жоқ. Қатты жылдамдықпен келді де итімнің топалаңын шығарып қағып кетті. Өзім жаяу тұрғамын, артынан айқайладым, оған қараған да жоқ. Ол адам менің итіме хайуан деп қараған шығар. Бірақ мен иесімін ғой, жанында тұрмын ғой, тоқтап, «кешірім сұраймын» десе болады ғой. Тоқтаған жоқ, қандай жылдамдықпен келді, солай кетті. Сонда адам басып кетсе де тоқтамайын деп тұр ғой», - деп налыған әнші.
Артынан итіне жер қазып, жерлегенін көрсетіп, оның өте ақылды ит болғанын айтып, тағы жылаған.