Екі күнде екі адам қаза тапты: Ақмола облысындағы шахтада қайғылы жағдай болды

Автор: Алмас Ерсін

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдар нысан аумағына заңсыз кірген

Фото: ҚР ІІМ

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде орналасқан шахта аумағынан 14 және 15 қазанда екі ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазір екі дерек бойынша да тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұмдар туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәліметті растап, оқиғаның алғашқы жай-жапсарын хабарлады.

«14 және 15 қазанда Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала анықталғандай, марқұмдар нысан аумағына заңсыз кірген», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Екі жағдай бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның нақты хронологиясын қалпына келтіріп, барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бестөбе кенішінде мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. 2026 жылғы мамырда алтын іздеген екі заңсыз кен өндіруші жергілікті кеніште болған оқиға салдарынан қаза тапқан еді.