Жергілікті тұрғындар үйін жөндеуге көмектесіп жүріп, шатыр астынан жылдар бойы жиналған ақшаны тауып алған
Түркістан облысында үйдің шатырынан 5 миллион теңгеден астам ақша табылды. Қаражат иесіне қайтарылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, Қазығұрт аудандық полициясына жеке тұрғын үйдің шатырынан ақша табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған полицейлер тексеру барысында ақша салынған бірнеше бума тауып алған. Қаражаттың жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындар үйін жөндеуге көмектесу үшін егде жастағы әйелдің үйіне барған. Жұмыс барысында олар шатыр астынан ақшаны байқаған.
Үй иесінің айтуынша, ол бұл қаражатты ұзақ жылдар бойы жинаған.
Қажетті рәсімдер жүргізіліп, істің барлық мән-жайы анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.