08.08.2020, 16:22
Оқиғалар
Атырау облысының полицейлері 3 жыл бұрынғы қылмыстың бетін ашты
Күдікті планшет пен құлаққап ұрлаған
Махамбет ауданының полицейлері 2017 жылы болған ұрлық қылмысының бетін ашты деп хабарлайды Polisia.kz.
Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында тәртіп сақшылары Алмалы ауылдық округінде ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды қолға түсірді. Ол Samsung маркалы планшет пен құны 3 000 теңге болатын құлаққапты қолды қылған. Осылайша жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 37 000 теңгені құрады.
Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің өзге қылмысқа қатысының бар-жоғын анықтап жатыр.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, Махамбет ауданында ұрлық қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 62,5%-ға азайған. Соның ішінде, үйге ұрлыққа түсу оқиғалары 90%-ға төмендепті.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
