Полиция департаменті оқыс оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлім етті
Көкшетаудағы Васильков шағын ауданында жұмысшы биіктен құлап кетті. Желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, ол баспалдақты тұстан, кем дегенде 5 метр биіктен құлады. Сол сияқты оның ауыр жарақат алған болуы мүмкін екені жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаменті оқыс оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлім етті.
«Аталған оқиа бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Ақмола облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті де бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
«Ақмола облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы ешқандай хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр», – деп хабарлады департамент.
Департамент сол сияқты жұмысшыға қатысты жазатайым оқиға бойынша дер уақытында хабарламау әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.