Зообақтағы Алтай есімді жолбарыс жас жігітті дүйім жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО)

Автор: Махан Миражан

Ол зообаққа келушілердің бірінен өзін жолбарыспен суретке түсіруін өтінген

Фото: видеодан скриншот

Англиядағы Yorkshire Wildlife Park саябағында жолбарыс ер адамға шабуыл жасап, оны мерт қылды. Қайғылы оқиға 10 қазанда Донкастер қаласының маңында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам қоршаудан өз бетінше асып өтіп, жыртқыштар орналасқан вольерге кірген. Сол сәтте жолбарыстардың бірі оған шабуыл жасап, ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына полиция мен медицина қызметкерлері жеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол сол жерде көз жұмған.

Қорқыныштың оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғадан кейін саябаққа келген адамдар эвакуацияланып, зообақ уақытша жабылды.

Саябақ әкімшілігінің мәліметінше, жолбарыстың аты - Алтай, ал қаза тапқан жігіт шамамен 20 жаста болған. Марқұм жолбарыспен бірге суретке түспек болып, қоршаудан асып түскен көрінеді. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.