Футбол ойыны төбелеске ұласты: Ақтауда екі оқушы ауруханаға түсті

Автор: Алмас Ерсін

Оқиға мектеп ауласында футбол ойыны кезінде болған

Фото: Azattyq Rýhy

5 қазанда Ақтаудағы №1 мектепте футбол ойыны кезінде 10 және 11-сынып оқушылары арасында төбелес болды. Жанжалдан кейін 10-сыныпта оқитын екі жасөспірім қабылдау бөліміне жеткізіліп, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жасөспірімдердің бірінің анасының айтуынша, сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан. Ол ұлының жоғары сынып оқушысына бірінші болып соққы жасағанын жоққа шығармайды. Алайда әйелдің айтуынша, бұған дейін жоғары сынып оқушысы жасөспірімді арандатқан және қорқытқан. Кейін жанжалға 11-сыныптың басқа оқушылары да араласқан.

Төбелестен кейін 10-сыныпта оқитын екі оқушы медициналық көмекке жүгінген. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Анасының айтуынша, ұлы бірнеше рет есінен танып қалған. Оған денесінің көгеріп, жарақат алғаны анықталып, жүрегі айнып, басы айналған.

Білім бөлімінде оқиғаның болғанын растады. Жанжалға қатысушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.