Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар тарала бастады
Түркістан облысының Қосағаш ауылында нөсер жаңбыр жауып, көшелерді су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде сел басқан ауылдардың видеолары тарала бастады. Ауылдың көшелерін су басып, арықтар тасып жатқанын байқауға болады. Ауыл халқы мен бірнеше техника су ағынының бағытын өзгертуге тырысып жатыр.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қазанда нөсер жаңбыр салдарынан ауданның бірнеше ауылында сел жүрген.
«Қазір селден зардап шеккен аумақтарда жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа 9 техника мен 64 адам тартылды», – деп хабарлады әкімдік.
Сел кезінде үйінің ауласын су басқан халыққа көмек беріледі. Әкімдіктің мәліметінше, адам шығыны мен қираған үйлер жоқ.