Бүгін, 15:15
Оқиғалар
Алматыда TikTok желісінде былапыт сөз айтқан екі жігіт бес күн бойы қамауда отыратын болды (ВИДЕО)
Оларды полиция анықтап, жазалаған
Фото: скриншот
Алматы қаласының полициясы әлеуметтік желіде былапыт сөз айтқан екі жігітті бес күнге қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, екі жігіт TikTok желісінде былапыт сөйлеп, оны таратқан. Іске полиция араласқанда, олар бұл видеоны әзіл ретінде таратқандарын айтқан.
«Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты. Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот олардың әрқайсысын 5 тәулікке қамады», - деп хабарлайды полиция.
Осы ретте полиция әлеуметтік желіге «әзіл» ретінде де осындай видео жариялағандар жазаланатынын ескертіп отыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті