Бұл туралы ол бүгін Құрылтай отырысында мәлімдеді
Бүгін Құрылтай отырысында депутат, «Әділет» фракциясының мүшесі Аббат Өрісбаев әскердегі оқу-жаттығу кезінде әр сарбаздың қолына геолакациясын көріп отыратын құрылғы беру туралы бастапа көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалын жарияламас бұрын депутат қаза тапқан сарбаздардың отбасына тағы да көңіл айтты.
«26 қыркүйекте әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздардың туған-туысына көңіл айтып, жаназа рәсіміне қатысу үшін әріптес депутаттармен бірге Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облысына арнайы бардық. Құрылтай депутаттарының атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтастық. Мемлекет басшысы болған оқиғаға қатаң баға берді. Президенттің тапсырмасымен Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды жан-жақты тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Сонымен қатар қайғылы оқиғаның себептерін анықтап, қаза болған сарбаздардың отбасысына көмек көрсету мақсатында Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді депутат.
Осы ретте депутат Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын еске сала отырып, жаңа міндеттерін ерекше атап өтті.
«Біз бұл шешімдерді қолдаймыз. Сонымен бірге әскери реформаның маңызды бағытының бірі қауіпсіздік талаптарын күшейту керек деп санаймыз. Әсіресе әскери, арнайы және авариялық-құтқару
оқу-жаттығуы кезінде қауіпсіздік талабы қатаң сақталуы қажет. Өйткені мұндай жаттығулардың өзінде тәуекел жоғары», - деді депутат.
Сондықтан, Аббас Өрісбаев Үкіметке мынандай ұсыныстарын айтты:
«Үкіметтен осы бағытта барлық мемлекеттік органдардың жұмысын қайта қарап, қауіпсіздік талабының орындалуын тексеруді сұраймыз. Үш ай ішінде оқу-жаттығулар кезіндегі қауіпсіздіктің бірыңғай стандартын әзірлеп, оны алдымен бірнеше өңірде сынақтан өткізген жөн. Нәтижесі оң болған жағдайда стандартты барлық өңірге енгізу қажет», - деді депутат.