Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сауна анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мобильді топ аудан аумағында жедел профилактикалық іс-шара жүргізді

Фото: polisia.kz

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«5 тамыз күні сағат 21:20 шамасында Шымкент қаласы Самал-2 мөлтек ауданында орналасқан «Престиж» саунасының келушілерді қабылдап, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Ғимарат ішінде бес адам болған

Кәсіп иесін әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.