07.08.2020, 01:52
Оқиғалар
«Қайық басын жұлып әкеткен»: Өзенде шомылып жүрген әйелді катермен қағып өлтірген күдікті ұсталды
Ол мәслихат депутатының кәмелетке толмаған ұлы болып шықты
Фото: ашық дереккөзден
Оралда өзенде шомылып жүрген әйелді катермен қағып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Бұл оқиға 6 маусым күні Шаған өзенінде «Достық» саяжай қоғамы ауданында болған еді. Белгісіз біреу өзенде жүзіп жүрген әйелді катермен қағып кетіп, өлтірген болатын. Күдікті анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, ұсталған күдікті - белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
