07.08.2020, 04:32
Оқиғалар
Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталды
Ол мас болған
Фото: ашық дереккөз
Атырауда кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық жасауға оқталды деген күдікпен мас адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Оқиға 6 тамыз кешкі сағат 19:45 шамасында болған. «Көктем» ықшам ауданындағы азық-түлік дүкенінің жанында алкогольдік ішімдік ішкен ер адам жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір ол тергеу абақтысына қамалды», - деп жазылған хабарламада.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)