«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді

Автор: Бақыт Шынар

19 жастағы Бекет Мырзағалиевтің жағдайы қазір жақсы

Фото: azh.kz

Кеше Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде жағаға аман жеткен үш сарбаздың бірі – 19 жастағы Бекет Мырзағалиев еді. бүгін оның анасы жергілікті «Ақ Жайық» басылымына сұхбат беріп, баласының қалай аман қалғанын айтып берген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қарлығаш Мырзағалиеваның айтуынша, Бекет жағаға өз күшімен жүзіп шыққан.

«Ұлым аман қалды, соған Аллаға шүкір деймін. Бүгін Ақтауға келіп, баламызды көріп, жүрегіміз орнына түсті. Ол дін аман, өзі жүріп-тұр. Апат кезінде ол жағаға өзі жүзіп шыққан. Ал қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеру көрсетер», - дейді ол.

Айта кетейік, Бекет Мырзағалиев Атырау облысы Махамбет ауылында туған. Отан алдындағы борышын өтеуге былтыр, 2025 жылдығ 3 қазаны күні келген.

Айта кетейік, бүгін біз осы қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 сарбаздың өмірі туралы жазған едік.